«Әйел құқығы – Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы» – Г.Әбдіқалықова

0
301

Бүгін, Астана экономикалық форумы аясында ҚР Бас хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен «Артықшылықтар орнына құқықтар. Әйелдердің көшбасшылығы қазіргі заманға қалай ықпал етеді» атты дөңгелек үстел өтті.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы әлемнің көптеген дамыған мемлекеттері әйел капиталын дамыту арқылы инклюзивті экономиканы қалыптастыру қажеттігін айта отырып, «Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығының бірі – әйелдер құқығын қамтамасыз ету және ілгерілету, сондай-ақ олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болып саналады”, – деді.

Дөңгелек үстелге сондай-ақ, «ExpoWomen» комитетінің төрағасы Әлия Жолболдина, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мəдина Əбілқасымова, ЕҚҚДБ гендерлік және экономикалық инклюзия жөніндегі директоры Барбара Рамбусек, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ Қазақстандағы Әйелдер төрағасы Илейн Конкиевич қатысты.

Бүгінде Қазақстанның қаржы саласында басшылық қызметтегі әйелдердің саны 30 пайыздан асады. Әйелдер 500-ден астам шағын және орта бизнес компанияларын басқаруда, яғни олардың 43 пайызын құрап отыр. Осы секторда құрылған барлық жұмыс орнының үштен бірі әйелдерге тиесілі.

Мемлекеттік хатшы әйелдердің әлеуеті мен рөлін арттыру бүкіл әлемнің ілгерілеуімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Оған қол жеткізу үшін БҰҰ ұсынған төрт бағытына негізделген жаңа машықтарды меңгеру қажет. Олар: сыни ойлау, коллаборативтілік, креативтілік және коммуникативтілік. Әлем сарапшыларының болжамы бойынша, 2020 жылға қарай бүгінгі еңбек қызметін айқындайтын білім мен дағдылардың үштен бірінен астамы өзгеретін болады.

Жиын қорытындысы бойынша гендерлік мейнстримингті ілгерілету үшін саясаттағы, экономикадағы және қоғамдағы әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз