AgriTek Astana 2020: Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы көрмесі басталды

0
162

11 наурызда елордадағы “Көрме” орталығында AgriTek Astana 2020 ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.

Әлемнің 18 елінен 200-ден астам компания қатысып жатқан көрме биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отыр. 

AgriTek/FarmTek Astana 2020 ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанатында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер сөйлеп тұр. 11 наурыз. Нұр-Сұлтан қаласы.

Жиынның ашылуында сөз алған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетке ие екенін, америкалық компаниялар Қазақстан экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынына сенетіндігін айтты. 

Көрменің лентасы қиылған сәт.

 

Ашылу салтанатындағы биші қыздар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша “Қазақстан мен Ресей тығыз қарым-қатынаста болғандықтан ресейлік ауыл шаруашылығы компаниялары да қазақстандық нарыққа қызығады”.

Көрмеге дәстүрлі түрде Түркия мен Германиядан осы саладағы көптеген ірі компаниялар келген. Америкалық компаниялардың да қарасы қалың.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге ауыл шаруашылығына қатысты барлық технология қойылған. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына байданысты бар құрылғы мен мамандарды осы жерден кезіктіре аласыз. 

Көрменің басты артықшылығы қазақстандық фермерлер өздеріне қажетті бар құрылғыны жарнамадан емес осы жерден ұстап, қарап, мамандардың пікірін де тыңдап ала алады. Көрме оларға сенімді әрі сапалы таңдау мүмкіндігін береді дейді ұйымдастырушылар.

“Біз сандық технология заманында өмір сүріп жатырмыз. Өміріміздің бар саласы технологияланып жатыр. Бұл үрдіс ауыл шаруашылығы саласын да айналып өткен жоқ. Осы көрмеде фермерлер ауыл шаруашылығына қатысты соңғы технологияларды көптеп кездестіре алады”, – деді ұйымдастырушы Геннадий Дякин.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесі 13 наурызға дейін жалғасатын болады.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз