АҚШ делегациясы алғаш рет Астанада өтетін Сирия дағдарысы бойынша келіссөздерге қатыспайды.
«АҚШ делегациясы Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің 9-шы Халықаралық жоғары деңгейдегі кездесуге қатысудан бас тартты», – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Сирия дағдарысы бойынша келіссөздер 14-15 мамырда өтетін және Астана процесіне барлық тараптар қатысатындарын растады, деп хабарлаған болатын. Астанаға процеске қатысу үшін кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркия делегация мүшелері, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция мүшелері келді.
Еске саламыз, Сирия дағдарысы бойынша кезекті 9-шы Халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу 2018 жылғы 14-15 мамырда Қазақстанның астанасында өтеді.