Қазгидромет 30 қазан 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері кейбір аймақтарда 3-9 ° C-тан жоғары ауа температурасы байқалды.
Мұндай температура Ираннан Қазақстан мен Батыс Сібірге ойысқан жылы ауа массасымен байланысты.
Алдағы үш күнде ауа-райы жылы, оңтүстік және шығыс аймақтарда жауын-шашын күтілуде.
Батыс және солтүстік-батыс аймақтарға біртіндеп Ресейдің еуропалық бөлігінен суық және дымқыл ауа массасының ағымы ойысады. Сондықан бұл аймақтарда жауын-шашын, дымқыл қар, тұман, ауа температурасының жиі төмендеуі және тайғақ күтілуде.
Сабина Сайлаубай