Жер бетінде бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген әлемдегі ең қарт кісі Наби Таджима 117 жасында Жапонияда көз жұмды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Қарт кісі 21 сәуір күні кешкісін Кикай ауылындағы ауруханада қайтыс болған. Таджима әжей 1900 жылы 4 тамызда дүниеге келіп, өзінен кейін 160-тан астам ұрпақ қалдырды.
Таджима әлемдегі ең қарт адамдардың қатарына Ямайка тұрғыны Моссе-Браун өмірден өткеннен кейін 2017 жылы 15 қыркүйекте енгізілген. Моссе-Браун да әлемдегі ең қарт адам ретінде 118 жасында өмірден озды.
Қазіргі уақытта жапониялық 116 жастағы Тие Мияко жер бетіндегі ең қарт адам ретінде тіркелді.