Алматыда О. Сүлейменовтың немересін соңғы сапарға аттандырды

0
82
дереккөзден

Алматыда танымал қазақ жазушысы Олжас Сүлейменовтың немересі 26 жастағы Искандер Сүлейменовты соңғы сапарға аттандырды.

И. Сүлейменов Астанадағы жол қиылыстарының бірінде мотоцикл тізгіндеп келе жатып, аяқ астынан болған жол-көлік апатында қаза тапты. БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, жол-көлік оқиғасы жексенбіде 21.00-21.30 аралығында Мәңгілік ел- Керей-Жәнібек хандар даңғылының қиылысында орын алған.

Жол-көлік апаты бойынша елордадағы ішкі істер министрлігінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы бойынша тергеу амалдары басталды.


Олжас Сүлейменов – танымал қазақ жазушысы, ақын, Қазақстанның Еңбек ері, дипломат. Кеңес кезеңінде Семейдегі және әлемдегі өзге де ядролық полигондарды жабуды мақсат тұтқан ұлттық «Невада-Семей» қозғалысының бастамашысы болды.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы О. Сүлейменовке көңіл айтты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз