Алматыда тікұшақ құлап, ұшқыш қайтыс болды

0
161

Алматы қаласында Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы шипажайының аумағына  жеке меншік компанияға тиесілітікұшақ құлады. Бұл туралы kazakistan.kz сайты хабарлады.

Қалалық  Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 17 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша15:59-да Sky Service компаниясына тиесілі Eurocopter 130 UP-EC 038 нөмірлі тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы аймағына бет алғанда құлаған.

1968 жылы дүниеге келген ұшқыш Валетин Ситов жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Азаматтық Авиация комитеті оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз