Forbes жаһандағы ең қымбат танымал адамдардың тізімін жасады, құрамға әйгілі спортшылар, музыканттар, актерлер мен тележүргізушілер енді.
Forbes берген бағаға сәйкес, Флойд Мейвезердің жылдық кірісі 285 млн $ құрады. Оның 275 млн $ Мейвезер Конор Макгрегормен шаршы алаңда жүздескені үшін алған, деп жазады РБК.
Актер Джордж Клуни бір жылда 239 млн $ табыс тапқан. Клуниге көп табыс әкелген өзі негізін қалаған Casamigos текила өндіруші компаниясы.
20 жастағы сән көрсетуші Кайли Дженнер Kylie Cosmetics косметика желісінің арқасында 166,5 млн $ қаражат тапқан.
Қорғаушы, сот төрағасы, тележүргізуші, “Джуди сот төрағасы” (1996 жылдан бері) өзі жүргізетін телешоуы арқылы танылған Джудит Шейндлин бір жылда 147 млн көк қағаз пайда тапқан.
U2 ирландық рок-тобы жылына 118 млн доллар қаражат табады. Топтың 2017 жылғы The Joshua Tree Tour концерттік туры 316 млн $ қаражат жинады.
Рейтингтің жетінші қатарынан орын тепкен Британ аралдарының рок-тобы – Coldplay. Олардың жылдық табысы 115,5 млн $ құрады.
Аргентиналық шабуылдаушы Лионель Месси бір жылда 111 млн $ қаражат тапқан. 2017 жылдың қарашасында Месси “Барселонамен” 2020-2021 жылға дейін келісімшартты ұзартып, нәтижесінде 80 млн доллар табысқа кенелді.
Эд-Ширан британдық поп-музыкант Forbes тізімінде ең жоғары ақы төленетін музыкант болып саналды. Бірқатар сәтті өнер көрсету сондай-ақ, Shape of You синглының сәтті сатылымы нәтижесінде Эд-Ширан бір жыл ішінде 110 млн доллар табыс тапқан.
Криштиану Роналду табыс көрсеткіші бойынша Мессиге жол берді. Бір жыл ішінде Роналду 108 млн $ табыс тапқан. Роналдудың “Реалмен” жасасқан қазіргі келісімшартына сәйкес, алдағы үш жылда ол 50 миллион доллар қаражат табуы керек. Роналдудың Nike компаниясымен өмір бақи жасасқан шарты оған 1 млрд $ көлемінде табыс әкелді.
Джонсон Дуэйн де Forbes тізімінен орын тепкен, дегенмен, тапқан табысы айқындалмаған. Дуэйн 1996 жылы WWF дебют жасады. Кейіннен кино саласына бет бұрды. Дуэйннің соңғы түскен картинасы «Джуманджи: Зов джунглей».