Ақпарат және коммуникация вице-министрі тағайындалды

0
78

Дарын Тұяқов ақпарат және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.


Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, Халықаралық бизнес академиясын,  РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша —заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы лауазымын атқарды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз