АҚШ Солтүстік Кореядан әрекет күтеді

0
85
дереккөзден

Таяу Шығыста мемлекеттік сапармен жүрген АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео КХДР басшысы Ким Чен Ынмен өткен келіссөздердің кейбір тұсын айқын етті.

Келіссөздерің ең басты тақырыбы – Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуы. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Иорданияға барған сапары барысында мәлім етті, деп жазады Euronews.

Пампеоның айтуынша, қазіргі АҚШ әкімшілігінің басты мақсаты – атом бағдарламаларының қайтымсыз тоқтатылуы. АҚШ президенті Д. Трамп атом бомбаларын қолдануға ниетті солтүстік кореялықтарға экономикалық қысым көрсеткен, көрсете де береді, дейді Пампео.

Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Солтүстік Кореяға салынған санкциялардың алынып тасталатыны немесе жұмсартылатыны туралы сөз қозғамады, АҚШ КХДР-дан сөз емес, әрекет күтеді, дейді Помпео.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз