АҚШ-та мұғалімдер ереуілі

0
114
ашық дереккөз

АҚШ-тың Колорадо, Аризона және Кентукки штаттарында мыңдаған ұстаздар наразылық шеруіне шығып, мемлекеттік мектептерді қаржыландыруды талап етті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Мемлекеттік мектептердегі жалақының мөлшерін өсіруді талап еткен мұғалімдердің ереуілі барысында аталған штаттарда сабақтар тоқтатылған.

Ереуілшілердің талабы бойынша мемлекет ұстаздардың жалақысын 20 пайызға көтеруі тиіс. Мұғалімдер жаппай ереуілге шыққан Колорадо, Аризона және Кентукки АҚШ-тағы бай әрі ең қарқынды дамыған штаттардың бірі болып есептеледі.

Кентукки штатының мұғалімдері бұған дейін де бірнеше рет наразылық шеруіне шыққан болатын. Дегенмен, ереуілден ешқандай нәтиже ала алмаған. Ал Аризон штатындағы мұғалімдер ереуілі штат тарихындағы ең ірі наразылық шарасы болып тіркелді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз