Иракта 19 ресейлік әйел өмір бойы бас бостандығынан айрылды

0
84

Ирак Орталық соты 19 Ресей азаматшасын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы РИА Новости Al Sumaria телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың барлығы ДАИШ лаңкестік ұйымының мүшесі болғаны үшін айыпталуда. Жергілікті билік өмір бойына бас бостандығынан айрылған ресейлік әйелдер туралы әзірге өзге мәліметтер бермеген.

Сәуір айында Ирактың орталық соты ДАИШ лаңкестік ұйымына мүше болған 550-ге жуық адамды өмір бойына бас бостандығынан айырып, 300 адамды өлім жазасына кескен болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ирак түрмелерінде әлі де 70-ке жуық Ресей азаматшалары қамауда отыр.

(ДАИШ* лаңкестік ұйымы Қазақстанда тыйым салынған)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз