Мереке қарсаңында бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

0
92
ашық дереккөз

Астана ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халықтары бірлігі күнін мерекесі қарсаңында, Тәуелсіздік даңғылы мен «Қазақ елі» алаңы және оған жақын басқа да көшелермен жүретін транспорт құралдарының қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

28 сәуір сағат 17.00-ден бастап Тәуелсіздік даңғылы учаскесінен Байтұрсыновтан Нәжімеденов көшесіне дейін көлік қозғалысы 2 мамыр 2018 жыл сағат 00.00 дейін шектеледі.

Сондай-ақ, 1 мамыр күні сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Аманжолов жақ және Момышұлы даңғылынан, Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев жақтан, Қалдаяқов көшесінен М-3 автожол көпірі (Сығанақ көшесі) жақтан және Нәжімеденов көшесінен Аманжолов көшесі арқылы жүретін көліктердің қозғалысы шектеледі.

Ал қоғамдық көліктердің қозғалысы алаң алдындағы Тәуелсіздік даңғылы бойынша кедергісіз жүретін болады.

9 мамыр күні ағат 12.00-ден сағат 15.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша жарым-жартылай транспорт құралдарының қозғалысы шектеледі. Себебі, Тәуелсіздік даңғылының бойымен «Жаужүрек полк – Бессмертный полк» шеруіне қатысушылар жүріп өтеді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылына жақын Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Момышұлы, Майлин, Шарль Де Гол, Күйші Дина, Мұңайтпасов көшелерін де шектеу жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз