Солтүстік Корея ядролық полигондарын жаба бастады

0
86

Солтүстік Корея Корей түбегіндегі ядролық қаруды жою жоспары аясында Пунгеридіге ядролық полигонды мамырдың ортасында жабуға уәде етті.

Сеулдің БАҚ өкілдері қос Корея басшылары Пханмунджом демилитаризацияланған аймақта өткен келіссөздерде ядролық полигондарды жабу туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлайды.

Оңтүстік Корея Президентінің баспасөз хатшысы Йон Юн-Чаннің айтуынша, КХДР басшысы Ким Чен Ын ядролық полигонды жабу процесі халықаралық қауымдастық үшін ашық түрде өткізіледі деп жоспарлаған. Пунгеридегі ядролық полигонды жабу шарасына шет елдік сарапшылар мен журналистер қатысатын болады.

Корейаралық саммит қорытындысы бойынша жарияланған декларацияда Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын толығымен шектеу ниеті туралы айтылады. Сонымен қатар, 27 сәуірде өткен саммит қорытындысында Солтүстік және Оңтүстік Корея жыл соңына дейін ынтымақтастық пен бейбіт қарым-қатынас орнатуға келісім жасалғанын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз