Қарулы Күштер басшылары қаржылық тәртіпті сақтауы тиіс – Тоқаев

0
245
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 мамыр Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қ.Қасымов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайылов, Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы қатысты.

Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тұрақты қолдауының арқасында Қазақстанда ықшам, мобильді және соғысқа қабілетті армия құрылды. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттің егемендігі мен аумағының тұтастығын қорғау екенін айтты.

– Қарулы Күштердің басшылық құрамының алдында болып жатқан өзгерістерге бейімделу ғана емес, сондай-ақ алдын алу жұмыстары тұр. Бұл қауіп-қатерлерге жан-жақты талдау жасауды талап етеді. Бүгінде біз геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскеніне, жаңа қақтығыстардың пайда болғанына куә болып отырмыз. Әскери іс-қимылдарды жүргізудің формалары мен тәсілдері өзгерді, дәлдігі жоғары қарулар мен басқа да заманауи қару-жарақтардың үлесі артты. Сондықтан, мен «Айбалта» оқу-жаттығуы кезінде Қорғаныс министріне Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма бердім, – деді Қазақстан Президенті.

Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылығына шешім қабылдау уақытын барынша қысқарту үшін басқару жүйесін жаңғыртуды міндеттеді. Сондай-ақ, роботтандыру, цифрлық технология, жасанды интеллект және ұшқышсыз басқару жүйесін енгізудің маңыздылығын айтты.

– Ең алдымен, қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру және жаңғырту есебінен әскери әлеуетті одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету қажет. Кешенді қайта қарулану аясында әскер қару мен техниканың заманауи үлгілерімен қамтамасыз етіледі. Қарулы Күштер басшылығы табандылық танытып, дәйекті әрі жүйелі тәсіл қолдануы және қаржылық тәртіпті сақтауы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз