Асқар Мәмин премьер-министр болды

0
132
дереккөзден

Парламент Мәжілісі депутаттары Асқар Мәминнің жаңа үкімет басшысы лауазымына үміткерлігін мақұлдады. Президент А.Мәминді ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындағаны туралы Ақорданың Twitter парақшасы хабарлайды.

А.Мәмин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. “Қазақстан теміржолы” ұлттық компаниясын басқарды, Астана қаласының әкімі, көлік және коммуникация министрі болды. ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.  ҚР үкіметі отставкаға кеткенде премьер-министр лауазымын уақытша атқарды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі қарауына А.Мәминді премьер-министр лауазымына ұсынған еді.

21 ақпанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет үшін маңызды шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдадым. Мен Үкімет отставкаға кетуі керек деп санаймын», –деп үндеді мемлекет басшысы.

Үкімет басшысы болған Бақытжан Сағынтаев сол күні үкіметтің отставкаға кеткенін хабарлады.

 

Safina Said

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз