Астана келіссөздері АҚШ басқындығын талқылауы тиіс – пікір

0
61

Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздерге қатысушы тараптар Сирия Араб Республикасының аумағында соңғы төрт айда орын алған жағдайларды, атап айтқанда АҚШ-тың басқындығы да талқылап, жағдайда тұрақтандыру үшін нақты қадамдарды анықтау қажет деген пікір білдіреді Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Франц Клинцевич.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Сирия бойынша 14-15 мамырда өтетін Астана процесіне барлық тараптар қатысатындарын растады, деп хабарлаған болатын. Астанаға процеске қатысу үшін кепілгер елдер (Ресей, Иран, Түркия) делегация мүшелері, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция мүшелері келеді.

Риа Новости таратқан ақпарға сәйкес, Ф. Клинцевич Астанада өтетін келіссөздерге барлық тараптардың құлық білдіруінің өзі оң нышан деп пікір білдірді. «Ұстанымдардың әр түрлілігіне қарамастан, тараптар диалогтың жалғасуына құлықты», – дейді Ф. Клинцевич.

Осы орайда Клинцевич Сирия бойынша келіссөздерге Ресейдің ұстанымын да атап өтті: «Ресейдің ұстанымы өзгермейді. Сириядағы жанжалды бейбіт жолмен шешуден басқа балама жоқ ».


Бұған дейін Қазақстан СІМ Астана процесінің кепілгер елдері Сирия бойынша кезекті 9-шы Халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу 2018 жылғы 14-15 мамырда Қазақстанның астанасында өтетінін хабарлаған еді.

СІМ таратқан ақпарға сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы қазіргі жағдайды қарастыруға, гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылауға, сондай-ақ аталған араб еліндегі дағдарысты реттеу үдерісін ілгерілету бойынша келесі қадамдарды үйлестіруге ниетті.

Астана процесінің 8 раунды өткен жылдың желтоқсан айында өтті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз