Қазанның бесінде бастау алған «Astana media week» апталығының екінші күнінде интернет беттерінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жай-күйі талқыланды.
Апталық аясында ұйымдастырылып жатқан «БАҚ-та қазақ тілді бөлімдердің журналистерінің біліктілігін арттыру» атты семинар-тренингтер өткізілді.
Қазақ тілді БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған семинарға қатысу үшін еліміздің бірқатар өңірлерінен жүздеген қатысушылар өтінім білдірген.
Семинарда «Жаңалықтарды тексеру немесе қалай БАҚ-тағы фейктердің құрбаны болмау керек», «Жаңа медиаларда контентті ілгерілетудің тиімді құралдары», «БАҚ дамуының жаңа дәуірі немесе Конвергенттік журналистика», «БАҚ-та шиеленісті жағдайды талқылау» атты тақырыптар қаралды.
Жадыра Аманбайқызы