Бүгін елордада Astana Finance Days халықаралық форумы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өз жұмысын жалғастырды.
Премьер-министр халықаралық форумның пленарлық сессиясында алдағы уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығының өз жұмысын бастайтынын тілге тиек етіп, мұның отандық және шет елдік инвесторлар үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктері жайында айтып берді.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев: Жақында қаржы нарықтарына серпін беруге бағытталған ең ірі ұлттық мегажоба – Астана халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері өтеді. Бүгінгі диалог пен кездесудің маңызы өте зор. Сіздердің кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз бізге Қаржы орталығының жұмысын дұрыс үйлестіріп, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын паш етуге септігін тигізеріне сменімдімін. Біз АХҚО-ны қаржы технологиялары саласындағы шешімдерді құру мен дамытуға арналған финтэк-плацдарм ретінде қарастыратын боламыз. Бұл сынды жұмыстар Masterkard және Visа, Microsoft және Tai Cloud Corp компанияларымен әріптестік негізінде басталып кетті.
Сонымен қоса, конференция аясында экономика мен қаржы мәселелері бойынша пікірталастар өткізілуде. Сондай-ақ Конференция аясында “Астана” халықаралық қаржы орталығыныӊ (АХҚО) ресми ашылуы, “AIFC Digital Exhibition” цифрлы бастамаларыныӊ көрмесі, сондай-ақ бірқатар форумдар мен конференциялар өтеді:
- Ислам экономикасыныӊ Астана форумы;
- Жасыл өсу форумы / GEWR’2018;
- Жаһандық қаржы форумы;
- Халықаралық капитал нарықтарыныӊ 2-ші Астана форумы;
- FinTech 2018;
- Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ сессиялары;
- АХҚО-ныӊ құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясы.