Астанадағы төтенше жағдай: Тоқаев арнайы комиссия құруды тапсырды

0
97
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев астананың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

9 қарашадан 10 қарашаға қараған түнгі сағат 02.04-те астанадағы “Левобережная” 110/10 кВ шағын стансасының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель желісі зақымданды. Соның салдарынан қаланың сол жағалауындағы кейбір тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды.

Олардың қатарында Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот, “Уют”, “Краун Плаза”, “Тұмар” (2 үй), “Арт Хаус”, “Вива плаза”, “Алатау”, “Бәйтерек” монументі, “Изумрудный квартал” бизнес орталығы, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттары бар.

Бүгін, таңертең елорда әкімдігінің баспасөз қызметі әкімшілік және тұрғын ғимараттарға электр жарығы беріле бастағандығын хабарлады.

Естеріңізде болса, осыдан 1 жыл бұрын астананың сол жағалауы жарықсыз қалған еді. Ол кезде құрылыс жұмыстары барысында “Шұбар ұяшығы 405” шағын стансасының кабелі қиылып, Шұбар шағын ауданы, Сарайшық пен Қонаев көшелері, “Нұрсая”, “Арайлым”, “Лазурный квартал”, “Новый мир”, “Версаль” тұрғын үйлерінің халқы жарықсыз қалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз