5 ақпан күні Астанада қоғамдық көліктердің бірі аялдамаға соғылды. Бұл туралы “Астана LRT” компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
“2019 жылдың 5 ақпанында қалалық бағдардағы автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесіндегі аялдама орнына жақындай бере көлікті басқара алмай, жабық типтегі аялдама павильонына соғылды”, – делінген компанияның хабарламасында.
“Апатқа жердің тайғақтығы себеп болған”, – дейді мамандар.