Қатаң режімдегі Арқалық түрмесіне алғаш рет әйел адам түсті

0
387
Көрнекі сурет.

Арқалықтағы 161/12 жазасын өтеушілер мекемесіне бірінші рет әйел адам түсті. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Арқалық түрмесінде ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтеп жатыр.

“1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл қатаң режімдегі түрменің тарихындағы бірінші жағдай. Сотталған қыз ҚР ҚАК 96-бабы бойынша жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот қаулысы негізінде толық қауіпсіздік мекемесіне келді”, – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі оның қасақана кісі өлтіргені үшін абақтыға жабылғанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз