Атақты «Барби» қуыршағына алғаш рет хиджаб кигізілді

0
106

Әлемге әйгілі Барби қуыршақтарын өндірумен айналысатын американдық «Mattel» компаниясы тарихта алғаш рет хиджаб киген қуыршақты нарыққа ұсынғалы отыр, деп хабарлайды Вести.ру.

Барби қуыршағының бұл үлгісі 2016 жылы АҚШ құрамасының атынан олимпиада ойындарына алғаш рет хиджаб киіп шыққан қатысушы  Ибтихадж Мухаммадтың құрметінже жасап шығарылды.

Компания Ибтихадж Мұхаммадтың құрметіне арналған қуыршақты әлемдік нарыққа мақтанышпен ұсынып отыр.

31 жастағы Мұхаммад Панамерикалық ойындары мен әлем чемпионатында алтын медальдерге ие болған.

Сонымен қоса 2016 жылы ол семсерлесуден командалық жарыста қола медальді иемденген болатын.

Мұсылманша киінген Барби қуыршағы 2018 жылдан бастап ресми түрде сатылымға шығады деп жоспарлануда.

Жадыра Аманбайқызы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз