Хабаровск аймағында ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты

0
77

Ресейдің Хабаровск қаласы аймағында ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының ТАСС ақпараттық агенттігі.

Бортта екі экипаж мүшесі мен кәмілет жасқа толмаған баланы қосқанда жалпы саны сегіз адам болған.

Агенттіктің мәліметінше жеті адам қаза тауып, бала аман қалды.
Жеткіншек Хабаровск аймағындағы Нелькан орталық ауруханасына ауыр халде жеткізілді.

15-қараша РФ Хабаровск қаласынан Нелкан елді мекеніне ұшуды жоспарлаған L-410 ұшағы Хабаровск аймағында апатқа ұшыраған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз