Атырау облысының бұрынғы әкіміне сот үкімі шықты

0
250
дереккөзден

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 17 жыл бас бостандығынан айырылды.

“Рысқалиев Бергей Сәулебайұлын қылмыстық жолмен алған өзіне тиесілі мүлкін  тәркілеу арқылы, алты жол көлемінде жергілікті басқару органдарында мемлекеттік қызметке тағайындалмау, жазасын шекті қауіпсіздіктегі қылмыстық-түзеу мекемесінде 17 жыл өтеу туралы сот шешімі шығарылды”, – Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істер бойынша судьясы Тыныштық Нұримов.

КазТАГ ақпарына сәйкес, экс-әкімнің ағасы, бұрынғы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Рысқалиді сот мал-мүлкін тәркілеп, 16 жыл бас бостандығынан айырды.

Бұл іс бойынша сот процесі 2018 жылдың көктемінде басталды. Тергеу ақпарына сәйкес, Бергей Рысқалиев 2006 жылдың қазанында қылмыстық топ құрған. Топтағылардың міндеттерін айқындаған. Атырау облысында газ құбырын тарту, электр қуатын орнату, су құбырын тарту нысандарының құрылысы кезінде, сондай-ақ тұрғын үйлер, көпірлер, тазалау құрылғыларын және т.б ғимараттарды тұрғызуда 72 млрд теңге ұрланған.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев және ағасы Аманжан Рысқали Қазақстан аумағынан шығып кеткен, халықаралық іздеуде жүр. Сот процесі сырттай жүрді.

10 қаңтарда сот шетелде ізін суытып жүрген Бергей Рысқалиевке және өзге де қылмысқа қатысы барларға сот ісіне соңғы сөздерін айтып, келуге үндеу тастады. 16 қаңтарда мемлекеттік айыптаушы Досбол Бағытжанов экс-әкімді 17 жыл бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз