Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев өмірден озды

0
152
Борис Керімбаев/ дереккөзден

Ауған соғысының ардагері, 177-ші арнайы жасақтың командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаев 12 ақпан таңертең 72-ге қараған шағында  өмірден озды.

Бұл туралы “Жауынгерлік бауырластық” (“Боевое братство”) Қазақстан ардагерлері одағының жетекшісі Сергей Пашевич хабарлады.

“Он жыл уақыт аралығында мығым болды, барлық іс-шараларға қатысты”, – деген С. Пашевич Б. Керімбаевтың Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толған күніне өкінішке орай жетпегенін, ұзақ сырқаттан көз жұмғанын айтты.

Осы жылдың 11 ақпанында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа арнайы кіріп шыққан еді.

12 ақпанда Б. Керімбаев 71 жасқа толды.

Б. Керімбаев көзі тірісінде Қара майор атанып кетті. Бұл лақап атты ол «мұсылман» батальонының командирі болған уақытта иеленді.

Кеңес социалистік республикалар Одағы Қарулы Күштері Бас штабы Басты барлау басқарамасының  177-ші арнайы жасағы Орталық азиялық әскери округі арнайы 22-ші жеке бригадасы негізінде сол тұстағы Қазақ Кеңестік Социалистік Респбликасы Алматы облысы Қапшағай қаласында құрылды. Жасақ барлау жұмыстарымен айналысып, операциялар жүргізді, ашық соғыс қимылдарына қатысты.

1982 жылдың мамыр айының соңында жасақ Панжер шатқалын алып, ауған командирі Ахмад Шах Масудтың қайтадан жасақ құрып, қимыл жасау жолына тосқауыл болды.

Керімбаев жауынгерлік шығындары ең аз командирлердің алғашқысы атанды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз