“Біз Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұжым ретінде басымдық беруіміз керек”, – деп мәлімдейді ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов “Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту” аймақтық конференциясы аясында.
Әбдірахманов Қазақстан Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыстарға біріктіру мүмкін деп есептейтінін алға тартты. Әбдірахмановтың сөзінше, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты экономикалық жобалар арқылы халықаралық кәсіпкерлікті тартып, кешендік бағдарлама қабылдау керек. “Бұл өз кезегінде, өз-өзін экономикалық қамтуға мүмкіндік береді”, – дейді Сыртқы істер министрі.
Атап өтерлігі, 5 қыркүйек Астанада “Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту” аймақтық конференциясы өтті. Ауған әйелдерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ауған әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы тұрақты экономикалық өсім қалыптастыру, аймақтық ынтымақтастық арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, Ауғанстан әйелдерінің мүмкіндігін кеңейту үшін білім берудің рөлі атаулы тақырыптарды қамтыған конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінің делегация өкілдері қатысты.
Атап өтерлігі, Ауғанстан Ғылыми өндірістік бірлестігі ұсынған баяндамаға сәйкес, Ауғанстанда әйелдердің еңбекпен қамтылмауы басты мәселелердің бірі. Жұмыссыздық көрсеткіші әлемдегі еңбекпен қамтылмау көрсеткішінің жоғары шегінің бірі – 35 % құрайды. Ал ауған әйелдері арасында сауаттылық деңгейі 12 % құрайды. Шешімін таппаған атаулы мәселелер күн тәртінбінде тұр.
Сафина Саид