ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев ҚХР (Қытай Халық Республикасы) Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі ақпарына сәйкес,келіссөз барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздік саласындағы ахуал бойынша пікір алмасты.
Бұдан өзге Астанада Қытайдың әскери делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. Сондай-ақ, шетелдік меймандар үшін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні екі мемлекеттің көшбасшыларының көңіл бөлулері нәтижесінде Қазақстан мен Қытай қорғаныс ведомстволары арасындағы қарым-қатынас сенімді және ілгерілемелі бағытта дамып келеді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.