Нұр-Сұлтанда бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII съезі басталды.
Тұңғыш президент – Қазақстан халқы ассамблеясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII съезін ашады.
Сессия “Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру” күн тәртібінде өтеді.
Жалпы есепте сессия жұмысына 1500 адам қатысады. Олардың қатарында – ҚХА мүшесі, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің және ғылыми, шығармашылық өкілдері қатысты.
Делегаттар қатарында Ресейден, Түркиядан, Қырғызстан мен Германиядан келген қонақтар бар.