Қазақстан ӘТК әскери корабльдері Каспийге жорыққа шықты

0
160

“Сарыарқа” және “Маңғыстау” зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындаған. Бірқатар корабльді-жауынгерлік оқу-жаттығу өткізіп, жүзу ауданы зерттелген. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атқан.

“Мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі. Жорық кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады”, – дейді Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз