Қазақстанда бір аптада 208 адам коронавирустан қайтыс болды

0
104
Photo: AFP

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде 20-26 шілде аралығында коронавирустан 208 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Министрлік жанындағы өлім себебін тексеретін арнайы комиссия 208 адамның өліміне коронавирус себеп деп тапқан. Осылайша, елде ресми мәлімет бойынша, 793 адам COVID-19 індетінен көз жұмды.

Марқұмдардың арасында 26 жастағы (Түркістан облысында) және 29 жастағы науқастар (Алматы қаласы мен Алматы облысы) бар. Өткен аптада қайтыс болғандар мына аймақтарда:

  • Қарағанды облысы – 56
  • Алматы қаласы – 38
  • Жамбыл облысы – 28
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23
  • Батыс Қазақстан облысы – 12
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 10
  • Алматы облысы – 10
  • Маңғыстау облысы – 8
  • Ақмола облысы – 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 6
  • Атырау облысы – 4
  • Қостанай облысы – 3
  • Түркістан облысы – 2
  • Ақтөбе облысы – 1

Ресми дерекке сай, Қазақстанда COVID-19 індетінен қайтыс болған 793 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 205
  • Қарағанды облысы – 137
  • Алматы қаласы – 111
  • Ақмола облысы – 38
  • Түркістан облысы – 38
  • Жамбыл облысы – 35
  • Батыс Қазақстан облысы – 34
  • Шымкент қаласы – 31
  • Маңғыстау облысы – 31
  • Шығыс Қазақстан облысы – 28
  • Павлодар облысы – 23
  • Атырау облысы – 22
  • Ақтөбе облысы – 19
  • Алматы облысы – 14
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14
  • Қызылорда облысы – 7
  • Қостанай облысы – 6

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр. Елде клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болғандардың нақты статистикасы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсынған дерегіне сай, елде 1-15 шілдеде 1555 адам пневмониядан көз жұмған.

Қазақстанның оңтүстік аймағында шілде айында жақындарының қайтыс болғаны туралы анықтама алғандар күрт көбейген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз