Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды

1
95

Covid-19 дертінен Павлодар облысында – 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында – 1948 жылы туған әйел адам, Қарағанды облысында 1963 жылғы ер адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 7 маусым түнде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Кісі өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған. Науқастар туралы басқа ақпарат айтылмайды.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 56 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас “өзге аурулардан” қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді.

Әлем елдерінің басым бөлігі коронавирус жұққан қайтыс болған барлық науқастарды негізгі статистикаға енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай кеңес берген.

1 ПІКІР

  1.  «?кінішке ?арай б?гін коронавирустен нау?ас бір ?йел ?айтыс болды. Б?л орны толмас ауыр ?аза. Мар??мны? жа?ындарына к??іл айтамыз. Алда?ы уа?ытта м?ндай жа?дайлар болмасын деп тілейміз. ?здері?із к?ріп отырсыздар, вирусты? ел ішінде таралуы ?сіп келе жатыр. ?кіметті? Н?р-С?лтан, Алматы ?алаларына ?атысты шектеулері коменданты? са?ат емес. Біра?, ол талаптар ?ата? са?талуы керек», деді Д?урен Абаев. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз