Алматыда Орталық Азиядан шыққан бір топ шетел азаматы ұсталды, олар лаңкестік жасауға әрекеттенді деген күдікпен тұтқындалды, аталған азаматтардан қару-жарақ және оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті хабарлады.
“2019 жылдың оныншы қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Алматыда өткізген арнайы операциясы барысында Орталық Азиядан шыққан шетел азаматтары Қазақстан аумағында лаңкестік жасамақ болды деген күдікпен тұтқындалды “, – деп мәлімдейді ҰҚК 14 қаңтарда өзі таратқан хабарында.
Аталған азаматтардың уақытша тұрған жерлерінен жоғары қуатты қолдан жасалатын жарылғыш құралдар мен қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ұсталғандар шетелдегі ДАИШ* лаңкестік ұйымының тапсырмасы және басшылығымен әрекет еткен. Осы мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы адам көп жиналатын жерде жарылғыш құралдарды қолданып, атысты ұйымдастыру мақсаты болған.
Тергеу шаралары жалғасуда.
ДАИШ* – Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.
Safina Said