Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

0
128
Photo: ona.az

Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыскерлер 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

“Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр”, – деді М. Ахметжанов. 

Сонымен қатар, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары “Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талқылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз