Қазақстанда жыл басынан бері 236 адам суға кеткен

0
178
Суда шомылу. Сурет: The Dubrovnik Times.

Жаз маусымы басталғалы Қазақстанда 236 адам (былтыр 211 адам) суға кеткен. Олардың 82-сі – бала (былтыр 62 бала). Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитеті хабарлады. 

Комитеттің дерегінше, қайтыс болғандардың көбі мас күйінде суға түскен мен тыйым салынған жерлерге шомылған. Ал суға кеткен балаларды ата-анасы қараусыз қалдырған.

Ведомства ата-аналар балалары су қоймаларының, арықтардың және каналдардың маңында жүргенде оларды көзден таса қылмай, қарауды ескертеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз