Қазақстандықтар 19 елге визасыз кіре алады. Алдағы уақытта Кубамен визасыз режимге қол жеткізіледі, аталған елде қазақстандықтар бір ай көлемінде виза рәсімдемей жүре алады. “Қазақпарат” таратқан ақпарға сәйкес, Қазақстан мен Кариб теңізі аралында орналасқан мемлекеттер арасындағы екі жақты мәмілелер жақын арада күшіне енеді.
Қазақстандықтар бір ай виза рәсімдемей-ақ жүруге болатын мемлекеттер: Әзірбайжан, Аргентина, Бразилия, Корея, Тәжікстан, Өзбекстан, Сербия, Түркия, Эквадор және БАӘ.
Қазақстандықтар 90 күнге дейін виза рәсімдемей жүре алатын мемлекеттер: Армения, Беларусия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украина.
Қазақстан мен Гонконг арасында 14 сағат визасыз жүруге мүмкіндік беретін келісім бар.
Қазақстанға бір айға визасыз келе алатын мемлекеттер тізімі келесідей: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Голландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония.