Қазақстандықтар 27 шілдеден 28 шілдеге қараған түні ХХІ ғасырдағы Айдың ең ұзақ тұтылу құбылысын бақылады.
Бұған дейін мамандар хабарлағандай, Ай беті Жер көлеңкесіне сағат 00.24-те тоғысқан. Осы сәттен бастап ішінара тұтылу басталған.
Ай Жердің көлеңкесіне толықтай сағат 01.30-да енді. Толықтай тұтылу сағат 03.13-те аяқталды. Ай Жердің көлеңкесінен сағат 04.19-да шықты.
Жер ғаламшарының тұтылуы жұма күні сағат 21.24-те басталды, сенбі күні сағат 01.19-да аяқталады. Құбылыстың толық фазасы 22.30-дан 00.13 аралығында болды. Бұл құбылыс ХХІ ғасырдағы айдың ең ұзақ тұтылуы болып саналады. ХХІ ғасырдың өткен кезеңінде 225 рет Ай тұтылған.