Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Канаданың Генерал-губернаторы Жюли Пайеттке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ж.Пайетт ханым Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастардың қарқынды түрде дамуын атап өтіп, Канада Қазақстан жүргізіп жатқан реформаларды, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.
Екіжақты кездесу барысында Канаданың Генерал-губернаторына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы 1 шілдеде өтетін Канада күніне орай құттықтау хаты табысталды.
Елші А. Камалдинов Астана мен Оттава арасындағы саяси, сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын толықтай сипаттап берді. Қазақстанның канадалық тараппен ҚР экономикасының үшінші модернизациясы аясында тығыз жұмыс жасауға дайын екендегін тілге тиек етті. Сондай-ақ, кәсіби ғарышкер бола тұра, бұрын бірнеше рет Байқоңырда болғанын атап өтті.
Ж.Пайетт Мемлекет басшысына жылы құттықтауы үшін алғысын білдірді және Астана мен Оттава арасындағы тығыз саяси диалогты жалғастыруға деген үмітін білдірді.