“Бәйтерек” монументі уақытша жабық

0
336
Фото: Жадыра Аманбайқызы

Қазанның 1-і мен 7-сі аралығында жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументі өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің басты ескерткіштердің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, ішкі қабырғаларды сылау және ғимаратты пайдалану кезінде туындаған кейбір кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, монументті қысқа және жылыту кезеңіне дайындау жұмыстары қолға алынбақ.

Қаланың көрікті орны 8 қазанда келушілер үшін есігін айқара ашады. Айта кетейік, «Бәйтерек» монументі демалыссыз сағат 10:00-ден 21:00-ге дейн жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 500 теңге және ересектер үшін 700 теңге.

Бұған дейін «Бәйтерек» монументі 21-28 мамырда реставрациялық жұмыстар жүргізу мақсатында жабылған болатын. Өткен төрт айда ескерткішті 300 мыңнан аса адам тамашалаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз