Байқоңырда терроризмге қарсы оқу-жаттығуы басталды

0
81
ашық дереккөзден алынды

Байқоңыр қаласында дүйсенбіге қараған түні «Гроза – Байконур 2017» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы басталды Бұл туралы interfax.ru хабарлайды.

Мәліметтер бойынша,  жаттығулардың бірінші кезеңі командалық-штабтық жаттығу түрінде өткізіледі, оның барысында қалалық әкімшілік пен қауіпсіздік күштері жедел штабтары орналастырылып, лаңкестік шабуыл жағдайында олардың өзара әрекеттесуі және қалалық шаруашылықты басқаруы әзірленеді.

Сонымен қатар, «силовиктер» өз бөлімшелерінде жергілікті жаттығулар өткізіп, «Дабыл» (тревога) командасына дайындық және терроризмге қарсы іс-шаралар аясында өз әрекеттерін әзірлеу бойынша тренингтер өткізеді.

«Оқу-жаттығу барысында «террористермен» келіссөздер жүргізу, олардың талаптарын орындау үшін ресурстарды жинау және «кепіл» босату операциясын күшейту жоспарлануда», – деп мәлімделеді дереккөзде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз