Әбілқасымоваға жеке қорғаушы не үшін қажет?

0
98

Кезекті Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына “жауап беріп” айтылып жүрген барлық сыни пікірлерден қорытынды шығаратынын мәлім етті.

5 баланың өмірін жалмаған өрт оқиғасынан кейін қараша халық министрдің отставкаға кетуін талап еткен болатын. Алайда бұл пікірді миниср оқымады ма, әлде осы тақырыпқа байланысты қойылған сауалға жауап беруден жалтарды ма «Біз сынды естіп тұрамыз, бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз. Жағдайды барынша жақсартуға тырысамыз. Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады, – деп жауап қатты.

Сондай-ақ, Ол ҚР Үкіметінің жанынан құрылған азаматтардың табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, әрі көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда болатынын айтты.

Министр «Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есеп шығаруда. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз»,- деді.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Үкімет отырысына жеке қорғаушымен келген М.Әбілқасымоваға “Сізге жеке қорғаушылар не үшін қажет?” деген сауал қойылған болатын. Алайда министр ханым бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз