Дамаск түбінде 100 адам қаза тапты

0
79
Reuters

Дамаск түбіндегі Шығыс Ғұтаға әуе шабуылы жасалды. Шабуылдан шамамен 100 адам құрбан болған. Бақылаушылар шабуыл жасаған Сирия әскерлері деп топшылауда.

Шығыс Ғұта – бүлікшілердің бақылауында. 20 ақпан адам құқығын қорғау бойынша Сириядағы бақылау кеңесі (SOHR) шабуыл салдарынан қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалардың бар екенін хабарлады.

SOHR басшысы Рами Әбдел Рахман Шығыс Ғұтадағы бомбалау мен артериялық соққылардың қарқындылығы шабуылды Сирия үкіметінің әскерлері жасағанын көрсетеді деп хабарлады.

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, Шығыс Ғұта Сирияда бүлікшілердің бақылауында қалған соңғы аймақтардың бірі. Қала төрт жылдан бері қоршауда. Аймақта шамамен 400 мың адам гуманитарлық көмекке қол жетімсіз. Белсенділер аймақтағы қара халықтың жағдайы мүшкіл деп дабыл қағуда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз