Денис Тенге “Халық қаһарманы” атағын беру ұсынылды

0
116
дереккөзден

Қоғамдық кеңес отырысында қаза тапқан фигурист Денис Тенге “Халық қаһарманы” атағын беру ұсынылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Алматы тұрғыны Әлнұр Ілияшев отырыс барысында Д. Тенге “Халық қаһарманы” атағын беру қажеттігін мәлімдеп, “Ол полицейлер жасау керек міндетті орындады – ұрыларды ұстамақ болды. Ол өз мүлкін қорғады, әділдік үшін күресті, тәртіп бұзушыларды тоқтатпақ болды. Сол үшін қаза тапты. Сондықтан, оған “Халық қаһарманы” атағын беру – ең бірінші кезекте қолдан келер шара”, – деп атап өтті.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов аталған бастаманы қолдайтынын алға тартты.

Р. Алшановтың сөзінше, аталған бастама тұрғысында жұмыстар жүргізілуде, спорт кешеніне Д. Теннің атын беру ұсынысы да қаралуда.

Денис Тен 19 шілдеде көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың пышақ жарақатынан қаза тапты. Тен жедел жәрдем қызметімен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылар Теннің өмірі үшін барын салғандарымен, спортшыны құтқару мүмкін болмады.

Аталған қылмыстық әрекетке қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр, күдіктілер құрықталды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз