Діни бірлестіктердің қаржылық қызметі айқындалады. Діни бірлестіктерде ішкі қаржылық есептілікті міндетті түрде жүргізу нормасы қарастырылады, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылаған баспасөз конференциясы барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын.
Бұдан өзге діни бірлестіктердің ішкі есептерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отыруы міндеттеледі. Мемлекетте діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болғандықтан, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға сәйкес діни бірлестіктерге міндетті қаржылық есеп қарастырылған.
Сонымен қатар діни танымдарды діни бірлестіктерде тіркелген БАҚ арқылы тарату немесе діни бірлестіктердің қатысуымен құрылған БАҚ арқылы тарату талап етіледі. Аталған практика ақпарат кеңістігін провакациялық және күдікті материалдардан сақтауға жәрдемдеседі.
Бұдан өзге баспасөз конференциясы барысында вице-министр заң жобасында 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің бақылауынсыз діни салт-жоралғылар мен рәсімдерге тартылмауы қажеттігі туралы заң жобасы ұсынылғанын мәлімдеді. Дегенмен, заң отбасылық тәрбие мен қатынастар мәселесіне араласпайды.
Сонымен қатар заң жобасында діни қызметпен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін полиция қызметін кеңейту шаралары қарастырылған. Полиция қызметкерлері күдікті тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізе алады. Оның ішінде полицейлер экстремистік және террористік қылмыстарды жасау үшін жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеу туралы, сондай-ақ діни салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ресми түрде ескерте алады. Вице-министрдің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері ондай тұлғаларды қылмыстық есепке қойып, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізе алады.
Сабина Сайлаубай