“Дос Мұқасан” тобының мүшесіне айыппұл салынды

0
160
дереккөзден

“Дос Мұқасан” тобының әншісі Мұрат Құсайыновқа кішігірім тәртіп бұзушылық бойынша айыппұл салынды.

Іс Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Мұрат Құсайынов кішігірім тәртіп бұзушылық үшін 12 625 теңге (5 АЕК) айыппұл төлейді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот Құсайынов әуежайда тексерістен өту барысында кеден қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтқан, осы арқылы қоғамға құрметсіздік танытып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамады деп мәлімдеді.

Құсайынов фактілерге қарсылық танытпады, кінәсін толық мойындап, айыппұлды міндетті түрде өтейтінін алға тартты. Құсайыновқа айыппұл белгілеген сот оның бұл алғаш рет тәртіп бұзуы екендігін ескерді.

14 сәуірде Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы КС 852 ұшағына отырғызу барысында әнші мен кеден қызметкері арасында дау-дамай болған. Бұған дейін “Эйр Астана” компаниясы Құсайынов қатты сөйлеп, әдепсіздік танытты деп мәлімдеген еді.
Өз кезегінде Мұрат Құсайынов бұл жайтқа пікір білдіріп, “мені төмендеткілері келді” деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз