Египетте қаза тапқан дипломаттың әйелі Тоқаевқа үндеу жолдады

0
107
Еламан Жолдасов. Photo: tengrinews.kz

Жақында көз жұмған Мысырдағы елшілік қызметкерінің әйелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.

Айнұр Молдабаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурорға, ІІМ басшысына сондай-ақ, сыртқы істер министріне жүгінген. Әйел күйеуінің өліміне қатысты тергеуді ашық және мұқият жүргізуді сұрайды.

“13 желтоқсан күні таңертең мен күйеуімді өлі күйінде таптым. Біздің пәтердің кіреберісінде ес-түссіз жатты. Басы тұтастай қан, мойнында байлаулы жіп болды. Шалбарының төменгі жағы шаң болды. Кіреберісте төбелес іздері байқалады: қабырғалардағы қан, аяқ киімнің іздері. Бұл өзін-өзі өлтіру нұсқасын жоққа шығарып тұр”, – дейді әйел.

Айнұрдың сөзінше, қайтыс болардан аз уақыт бұрын Еламан PR-компанияның жұмысы үшін елшіліктен ақша алған. Әйел қылмыс осы себепті болды деп ойлайды, себебі күйеуі алған сома жоғалып кеткен.

Айнұр Молдабаева болған оқиға алдында жұбайының үйде түнемегенін, қоңырауға жауап бермегенін айтады.

“Мен көргенде ол еденде жатты. Қолдары мен аяқтары байланбаған. Оның әпкесі бұл ақпаратты қайдан шығарғанын білмеймін, мүмкін олар дұрыс түсінбей қалды. Басы лифт жақта ұйықтап жатқандай болды. Біз балам екеуміз оған жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетуге талпындық. Алайда оны тірі деп ойладық”, – дейді Айнұр Молдабаева.

Молдабаева күйеуінің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

Оның айтуынша, Еламан Жолдасов депрессияға немесе суицидке бейім адам болмаған. Қазір Айнұр екі баласымен бірге Каирде жүр. Оның үстіне әйел сегізінші айда жүктілік мерзімінде екен.

Еске сала кетсек, 13 желтоқсанда Каирде Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық өкілдік қызметкері Еламан Жолдасов жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз