Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту туралы» баұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
«1. Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласының 20-жылдығына дайындақ және өткізу жөніндегі комиссия құру( әрі қарай- Комиссия) .
- Бекіту: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» мерекелік концепциясы», – деп мәлімделеді құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесе отырып, Қазақстан астанасының 20 жылдығына дайындық пен өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының екі айлық кезеңін әзірлеуді және бекітуді, сондай-ақ іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуге тапсырма берілді.
Сайлаубай Сабина
сурет ашық дереккөзден алынды