Елбасына Қауіпсіздік Кеңесінде ерекше статус

0
98

Қазақстан Республикасының Сенаты тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Құжатта Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылатыны көзделеді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының тарихи миссиясын есепке ала отырып, Қауіпсіздік Кеңесін төраға ретінде өмір бойы басқару құқығы беріледі, деген шешім шығарылды.

Бұдан өзге Заң жобасымен Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының және оның мүшелерінің өкілеттіктері белгіленеді, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппаратының қызметін ұйымдастыру регламенттелетіні хабарланады.


ҚР Қауіпсіздік Кеңесі – Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз