Елорда күнінде мерекелік отшашу болмайды

0
216
Сурет: tengrinews

Елорда күні қарсаңында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, “Хан Шатыр” сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоспарланған мерекелік отшашу ɵтпейтiн болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы бағдарлама әлеуметтік бағытқа арналған және көрермен кɵп қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ, астана күнін мерекелеу аясында өтетін ақылы концерттер мен театрландырылған қойылымдардың билеттерін сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Концерт ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатын болады. Бұл бағытта 29 маусым күні  болған”Астана Арена” стадионында өткен Димаш Құдайбергеннiң “Арнау” атты жеке концерті, аты аңызға айналған мәскеулік “Современник” театрының гастролі, Тұрсынбек Қабатовтың “КТА” жобасы, және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын мерекелік салюттардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз