Елордада “Жақсы дәрігер” атты фотокөрме өтуде

0
294

ҚР Ұлттық Музейінде «Жақсы дәрігер» атты фотокөрме өткізілуде. 5-6 қараша аралығында өткізілетін көрме аясында көрмеге қатысушылар Тіс дәрігерлері, жүйек жүйесі аурулары дәрігері, педиатор, терапевт, косметолог, окулист мамандарынан тегін медициналық тексерулер жүргізеді.

Фотокөрме әлеуметтік жоба медициналық көмек көрсету деңгейін көрсетуге және медициналық қызметкерлерге деген сұранысты арттыруға бағытталған.

Көрме «Sultan magazine» борттық журналы және №2 Астана қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы, «Нұр Отан» партиясы бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткізілуде. Бұл әлеуметтік жоба көптеген медицина мамандарының қоғамдағы деңгейін көтеріп, олардың науқастар арасындағы шынайы қарым-қатынасын қалыптастырады.

Фотокөрме аясында жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Фотокөрме аясында жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ақ халатты абзал жандардың машақатты жұмысын халыққа танытып, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатына ұйымдастырылған көрмеге бас-аяғы 127 сурет қойылыпты. Сурет авторы – Марат Әміров

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз